Саакашвили үш жылдан астам уақыт ауруханада жатқаннан кейін түрмеге кері қайтарылды
Фото: Саакашвилидің Facebook парақшасынан
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили үш жарым жыл емделген «Вивамед» клиникасынан қайтадан Рустави түрмесіне қайтарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Georgia Online порталына сілтеме жасап.
Елдің қылмыстық-атқару қызметі Саакашвилидің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда екенін және енді ауруханада емделуді қажет етпейтінін айтты.
Экс-президент 2022 жылдың 12 мамырында Vivamed клиникасына ауыстырылған болатын. Сол уақыт бойы оған медициналық көмек көрсетілді.
Қызметтің мәлімдеуінше, Грузия заңдарына сәйкес, азаматтық ауруханадан түрмеге қайтару шешімін емдеуші дәрігер науқастың жағдайына қарап қабылдайды. Михаил Саакашвилидің жағдайы жақсарғандықтан, ол ауруханадан шығарылып, №12 түзеу мекемесіне қайтарылды.
«Вивамед» клиникасының клиникалық директоры Зураб Чхаидзенің айтуынша, Саакашвилиді шығаруға шешімді оның емдеуші дәрігері қабылдаған. Ал экс-президент бұл хабарды сабырмен қабылдаған.
Пікірлер (0)