Украина Ресеймен келіссөздерді тоқтатты

Жаңалықтар
view 110
news

Фото: Ukrainian Foreign Ministry/AFP

Украина Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің атысты тоқтату мәселесін талқылаудан бас тартуына байланысты Ресеймен жүргізіліп келген бейбіт келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица келіссөз топтарының шектеулі мандаты мен мазмұнды диалог жүргізудің мүмкін еместігін атап өтті.

Киев халықаралық серіктестердің көмегімен Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге тырысқан.

Диктатура жағдайында диктатор атынан келген келіссөз топтарымен мазмұнды диалог жүргізу мүмкін емес, - деді Кислица.

Ол Ресей делегациясының мандаты өте қатаң болғанын және белгіленген позициядан бір қадам да шегіне алмағанын айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға рекордтық мөлшердегі зымыран шабуылын жасағанын жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *