Павлодар облысында жаяу жүргінші қаза тапты

Жаңалықтар
view 79
news

Сурет: видеодан кадр

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 26 тамыз күні Павлодар-Омбы автожолындағы Қызылтаң ауылы маңында болған. «Газель» автокөлігінің жүргізушісі рулге ие бола алмай, жол шетінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдықты қатаң сақтап, көлік құралдарының техникалық жағдайына жіті мән беруді ескертеді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *