Павлодарда Жеңіс саябағында «тверк» билеген жасөспірім қыздар жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 222
news

Фото: видеодан алынды

Павлодарда Жеңіс саябағында орынсыз билеп, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.

Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.

Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *