Пойызда босанған әйел нәрестесін пойыздың терезесінен лақтырып жіберді
Фото: ЖИ
Қызылорда – Астана пойызында әйел босанып, содан кейін нәрестесін терезеден лақтырып жіберді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Терезеден лақтырылған сәби өлі күйінде табылды.
Бұл оқиға Қарағанды маңында болды. Жолсерік дәретханадағы қанды байқап, ізімен жүрді. Ақыры купеден төсегі қан болған әйелді байқаған.
Ол өзі босанғанын мойындады. Кейін оның жаңа туған нәрестені лақтырып жібергені белгілі болды. Жолаушылар вагон ішінен қан іздерін байқап, өз беттерінше не болғанын анықтауға тырысқан. Көп ұзамай нәрестенің мәйіті табылды. Сәбидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
«Бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатыр. Нақты процессуалдық шешімдер тергеу нәтижесіне қарай қабылданады», — деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті, тергеу басталғанын хабарлады.
Пікірлер (0)