Қызылорда облысында мектеп мұғалімі әйелінің қолын балталап тастаған

Жаңалықтар
view 32
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде 42 жастағы әйелдің қолын жолдасы балталап тастаған, деп хабарлады JANABASTAU.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа шұғыл көмек көрсетуге қаладан санавиация мен дәрігерлер барған. Олар келіншектің басқа жарақаттары барын айтады. Басынан қатты соққы алған. Сондықтан денсаулығына қатысты әзірге нақты шешім айтуға ерте дейді.

Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман.

«Полициямен адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер жарияланбайды. Іс департамент басшылығының бақылауында», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *