Президент 2000 мемлекеттік қызметкерді жұмыстан қуатын болды
Фото: rambler.ru
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елдің мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру мен жаңғыртуға бағытталған жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады
Не үшін
Құжатқа сәйкес, басқарушы деңгейдегі бірқатар лауазымдарды жасанды интеллект жүйесі алмастырады. Соның нәтижесінде шамамен 2000 мемлекеттік қызметкердің қызметі қысқартылмақ.
Қысқарту тізіміне Салық комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әділет министрлігі және Экология министрлігі сияқты негізгі мемлекеттік құрылымдар кірді. Сондай-ақ түрлі агенттіктер мен инспекцияларда 16 басшы орынбасарының лауазымы жойылады.
Жаңа жұмыс тауып береді
Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім – реформаларды жеделдету және мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу қажеттілігінен туындаған.
Ал жұмыстан босатылатын қызметкерлерге Еңбек министрлігі жаңа жұмыс табуға көмектесіп, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін ұсынатынын хабарлады.
Пікірлер (0)