Президент: «Балаларға қатысты қайғылы жағдай менің жаныма батады»

Сурет: Ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөз сөйлеп, балалардың қауіпсіздігіне тоқталды, деп хабарлайды janabastau.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент ата-аналар балалардың тәрбиесін мемлекет пен мектепке ысыра салмауы керектігін айтты.
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы болсын, уәкілетті органдардың бәрі өз қызметін мүлтіксіз орындап, жұмысын үйлестіруі керек. Бақытты балалықтың негізі отбасы институты екенін және солай болып қала беретінін түсінген жөн.
Біздің қоғам қазір бетпе-бет келген көптеген мәселе мен кеселдің түп-тамыры ата-аналардың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан басталады. Ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналды. Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын.
Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашады, сондай-ақ өмірімізге айтарлықтай қауіп те төндіреді. Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты. Ұл-қыздарымызға көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды. Баланың смартфон немесе компьютер пайдаланған кезінде не істеп жатқанын қатаң қадағалау қажет»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз

- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
- Viber
-
ЖаңалықтарСу ресурстары және ирригация министрлігі су саласын дамытуға 12 млн доллардан астам грант тартты
-
ЖаңалықтарЫстамбұлда Украина, АҚШ және Түркия арасындағы келіссөздер басталды
-
Жаңалықтар«50 млн берген»: Әнші Садраддин қайырымдылыққа жиналған ақшаға концертін өткізген бе
-
ЖаңалықтарЭмманюэль Макрон: Франция енді Украинаға бұрынғыдай қару бере алмайды
-
ЖаңалықтарПутин Ыстамбұлға бармайды
-
ЖаңалықтарСара Назарбаева қайтыс болды - БАҚ
-
Жаңалықтар“Күйеуге шыққан қыздың руы өзгереді” дейді Ахметбек Нұрсила
-
Жаңалықтар«Көлік саласындағы ахуал мәз емес»: Тоқаев көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады
-
Жаңалықтар“Баланы сүндеттеу – балаға жасалған зорлық” дейді Марат Толыбай
-
ЖаңалықтарЖұмыс берушілер қызметкерлерге 672 миллион теңге жалақы қарыз болған
-
ЖаңалықтарТанымал тележүргізушіге тоқал болуға ұсыныс жасаған ауқатты азамат туралы бар шындықты айтты
-
Жаңалықтар“Бортсерік сотталуы мүмкін бе”: Тірі қалған стюардессаға қатыста тың ақпарат тарады
-
Жаңалықтар11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді
-
ЖаңалықтарАхметбек Нұрсила Елдос Сметовтың жеңісіне қуанғандарды сынға алды
-
ЖаңалықтарБоксшы Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы боп шықты
-
ЖаңалықтарЕкеуі де киімсіз: Әкесі туған қызын зорламақ болған
-
Жаңалықтар«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (видео)
-
ЖаңалықтарҚазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында тұрғаны рас па?
-
ЖаңалықтарКелін мен ененің ерсі әрекеті көпшіліктің ашуына тиді (Видео)
-
Жаңалықтар«Иманды болсын»: Көңіл айтудың ең сауатсыз түрі
Пікірлер (0)