Путиннің 25 жылдық билігі: Ресейдің саяси тұрақтылығы қандай деңгейде?

Жаңалықтар
view 107
news

Сурет: Gavriil Grigorov/Sputnik via AP

Путиннің 25 жылдық билігі: тұрақты көрінетін жүйедегі әлсіздік белгілері

2025 жылдың 25 наурызында Владимир Путиннің Ресейдегі билігіне 25 жыл толды. Бір қарағанда тұрақты әрі мықты көрінгенімен, оның басқару жүйесінің астарында қауіпті әлсіздік белгілері байқалуда, деп хабарлайды janabastau.kz POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап.

Tagesschau басылымынның хабарлауынша Путин алғаш рет 2000 жылы президент болып сайланғанда, оның ұзақ мерзімді билікте қалатынын ешкім елестеткен жоқ. Алайда Дмитрий Медведевпен уақытша орын ауыстырудан кейін, 2012 жылы билікке оралған Путин демократиялық еркіндіктерді жүйелі түрде шектей бастады. Оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың 2024 жылғы өлімінен кейін Ресейдегі оппозиция күштері бытырап, көбісі шетелге кетуге мәжбүр болды.

Халықаралық аренада Ресей агрессиялық әрекеттерін күшейтті. Неміс барлау қызметі BND болжамына сәйкес, Ресей 2030 жылға қарай НАТО-мен ашық әскери қақтығысқа дайын болуы мүмкін.

Путиннің негізгі саясаты – өзгелердің әлсіз тұстарын пайдалану. Ресейдің шынайы экономикалық және әскери мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, Кремль ядролық қарумен қорқытып, жалған ақпарат тарату арқылы өзін мықты етіп көрсетуде.

Сарапшылар Фиона Хилл мен Клиффорд Гэддидің пікірінше, Путин жүйесі ел мен халықты билікті сақтау мақсатында пайдаланатын ресурс ретінде көреді. Трагедиялық оқиғаларға жауапты тұлғалар жазаға тартылудың орнына, жоғары марапаттарға ие болуда.

Путин билігінің тағы бір ерекшелігі – биліктің ауысуы емес, тек адамдардың ауысуы ғана. Үкіметке Михаил Мишустин секілді технократтар және Дмитрий Патрушев секілді арнайы қызмет басшыларының балалары келуде. Путин ашық түрде мұрагерді белгілемейді. Себебі ол саяси тұрақсыздық пен өз билігінің әлсіреуінен қорқады.

Саясаттанушы Марк Галеоттидің айтуынша, Путиннің шешім қабылдаудағы екіұштылығы мемлекеттік аппаратты сал етіп отыр. Украинадағы соғысты тоқтату туралы ұсынысқа Путиннің бірнеше күн бойы үнсіз қалуы – соның бір мысалы.

Жүйе сырттай мықты көрінгенімен, оның ішкі жағдайы тұрақсыз екені бірнеше рет дәлелденді. Евгений Пригожиннің бүлігі, 2024 жылы Мәскеудегі сауда орталығындағы теракт, Грозный маңында жолаушылар ұшағына жасалған кездейсоқ шабуыл – осының айқын дәлелі.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, автократиялық жүйелер сырттай мықты болып көрінгенімен, бір ғана дағдарыс бүкіл режимнің күйреуіне әкелуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *