Зеленский: Путиннің өмірі жақында аяқталады, бәрі де бітеді

Жаңалықтар
view 835
news

Сурет: Видеодан скрин

Зеленский Путиннің жақында өлетінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің өмірі ұзаққа созылмайтынын және оның өлімінен кейін бәрі аяқталатынын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Зеленский Eurovision News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Украина басшысы Путиннің қазіргі басты қорқынышы – билігінен айырылу және Ресейдегі жағдайдың тұрақсыздануы екенін атап өтті.

«Оның билігін жоғалту қорқынышы бар. Біріншіден, Ресейдегі тұрақсыздыққа байланысты. Екіншіден, оның жасы келді. Ол көп ұзамай өмірден өтеді, бұл – факт. Оның өлімімен бәрі аяқталады. Ол өзінің тарихи өмірін сәтсіз аяқтамай тұрып та бәрін тоқтата алады, бірақ соны істеуден қорқады», – деді Зеленский.

Сондай-ақ Украина президенті Путиннің толықтай саяси оқшаулануға ұшырамағанын айтты.

«Өкінішке қарай, Путинді саяси тұрғыда толық оқшаулау мүмкін болмады. Ол жалғыз қалудан қорқады, билігінен айырылудан қорқады», – деді Владимир Зеленский.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *