Пышақпен қорқытқан: Ақтөбеде дәретханада қыз зорламақ болған ер адам сотталды
Жаңалықтар
211
Фото: coja1108/Getty Images
Ақтөбеде дәмханалардың бірінде ер адам дәретханада тұрған бойжеткенге шабуыл жасап, зорламақ болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтөбе облысында өгей әкесінен қорлық көрген оқушы қыз тағы да зорланған
«Диапазон» басылымының жазуынша, ол кабинадағы құлыпты бұзып, қыздың мойнына пышақ тақап, зорламақ болған. Зардап шеккен әйел айғайлап, көмек сұраған. Оның даусын естіген адамдар дереу көмекке жеткен. Олар ер адамды сол жерде ұстаған.
Сотта анықталғандай, ер адам шабуыл жасау алдында бос кабиналарды тексерген. Ол зорлық жасауға әрекеттенгені үшін кінәсін толық мойындады.
Сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды.
Пікірлер (0)