Қайрат Нұртас ұшақтағы төбелестің кесірінен қанша қаржысынан айырылды?
Фотосурет ашық дереккөзден
Тіпті олар сахнаға шықпай жатып үлкен шығынға ұшырап жатыр. Олардың шығыны қанша болды деген сауалға продюсер Алтынбек Рахметов Aikyn.kz сайтына жауап берді деп, janabastau.kz хабарлайды.
Inform жазғандай, продюсер қамауға алынған өнер адамдарын халық біржола жек көріп кетпейтінін айтты.
“Тұрсынбек қамаудан шыққан бойда үлкен концерт берді. Концерттерде қамауға алынғаны туралы әзілдеп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Бостандыққа шыққан соң Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа да концерт берсе, зал лық толы болатынына сенімдімін. Ұсақ құқықбұзушылықтары үшін халық оларды жек көріп кетпейді”, – дейді белгілі продюсер Алтынбек Рахметов.
Алайда, Қайрат Нұртас 19 шілдеде Ақсу қаласы мен Металлургтер күніне арналған концертте өнер көрсетуі керек еді.
“Концерттің ұйымдастырушысы болғандықтан, Қайрат Нұртас бұл шараға шыққаны үшін берілетін 5 миллион теңгеден қағылды деп айта аламын. Оның басқа концерттерінен хабарым жоқ. Кей әншілер той-томалаққа аптасына бір рет барады. Кейбірі дерлік әр қалада өтетін тойларға қатысады", – дейді Рахметов.
Той ұйымдастырушылардың айтуынша, Қайрат Нұртастың гонорары кем дегенде 2,5 миллион теңге. Тұрсынбек Қабатов тойда тостмейстер болып 10-15 мың доллар табады.
Әбдіжаппар Әлқожа бұған дейінгі сұхбатында қаламақы көлемін айтудан бас тартқан еді.
“Менің қаламақым біреулер үшін аз ғана болса, біреулер үшін бір жылдық жалақы. Төлем сомасын айтпай-ақ қояйын. Өйткені қоғамда адамдардың табыс деңгейі әртүрлі. Алым сомасын айтсам, ол біреуге көп немесе керісінше тым аз болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бұл құпия болып қалсын", – деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов ұшақта жанжал шығарғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған еді. Әзілкештің ізін ала Қайрат Нұртас ұшақта төбелесіп 15 тәулікке қамалған. Кейіннен әнші Әбдіжаппар Әлқожа полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін Қонаевта ұсталып, 10 тәулікке қамалған еді.
Пікірлер (0)