Қақпашыларға көлік сыйланғаннан кейін Қайрат Боранбаев қатаң шешім шығарды

Жаңалықтар
view 183
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

«Қайрат» футбол клубында қақпашылар Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйланғаннан кейін ұжым ішінде жаңа ереже қабылданды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Боранбаевтың айтуынша, енді клуб ойыншыларына кез келген сыйлық тек ресми келісіммен және клубтың рұқсатымен ғана табысталуға тиіс.

Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, мұндай жағдайлар клубтың бақылауында болуы керек. Сол себепті енді кез келген сыйлық немесе марапат тек клубтың рұқсатымен іске асады деген шешім қабылданды, – деді Қайрат Боранбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін кәсіпкерлер «Қайрат» клубының қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған болатын. Бұл жағдай көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *