Рейтингтен шығып қалған Рахмонов октагонға қайта оралатын болды
Фотосурет: UFC
UFC-де Қазақстанның намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов (19-0) октагонға келесі жылдың басында оралады. Бұл туралы файтердің менеджері Саят Әбдірахманов Metaratings.ru тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, UFC Шавкат Рахмоновты ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпағандықтан рейтингтен шығарып тастаған болатын.

Шавкаттың денсаулығында проблема болды. Мамыр айында бізге Белал Мухаммадпен чемпиондық титул үшін төбелесуге ұсыныс жасалды. Алайда жарақатқа байланысты біз бас тарттық. Ол әлі қалыпқа келіп жатыр. Бірақ жарақатынан толық айықты. Енді келер жылдың қаңтар-ақпан айларында октагонға оралады. Осындай болжам бар, - деді Саят Әбдірахманов.
Қазақ файтері соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кезде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.
Пікірлер (0)