Қатты ыстық болады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: sputnik.kz

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктердің хабарлауынша, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды.

"Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, екпінді және дауылды сипат алуы, сондай-ақ бұршақ түсуі күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Қатты жаңбыр жаууы ықтимал: 6–8 маусым күндері – елдің батысында; 6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста; 8 маусымда – солтүстік-батыста болжанады. Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы: батыста +20…+30°С-қа дейін төмендейді; солтүстікте +28…+35°С-қа дейін жоғарылайды; орталықта +30…+38°С қатты ыстық күтіледі; оңтүстікте +35…+40°С қатты ыстық болады; оңтүстік-шығыста +30…+39°С қатты ыстық сақталады; шығыста ауа температурасының негізгі фоны +30…+37°С аралығындағы қатты ыстық болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *