Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иеленіп, Астанадан пәтер алды

Жаңалықтар
view 161
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Астанада республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етті.

Екі күнге созылған жылдың қорытынды айтысында бас жүлдені иеленіп, «Алтын домбыраның» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер табысталды.

Ал 1-орынды Бексұлтан Орынбасар, 2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.

Сонымен қатар финалда ерекше шеберлік танытқан ақындарға арнайы жүлделер табысталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *