Елдегі 10 ломбард миллиардтап табысқа кенелген

Жаңалықтар
view 81
news

Фотосурет: yandex.kz

Маусым соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 470 ломбард тіркелді. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында жиынтық табыс 32,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 35,1% көп. Ол кезде елде 505 ломбард тіркелген болатын, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 470 ломбардтың 319-ы пайдаға кенелсе, ал 112-сі шығынға ұшыраған. Ал былтыр 505 ломбардтың 347-сі табыс тауып, 115-і шығынға батқан еді.

Биыл 7,6 млрд теңгемен M-Lombard ең табысты болды. Одан кейінгі орында 5,5 млрд теңгемен МК-Ломбард. Қалған табыстылар:

  • «МК-Золото Ломбард» (3,7 млрд теңге);
  • Birinshi Lombard (2,9 млрд теңге);
  • «Деньги населению» (2,7 млрд теңге);
  • «Астра-Ломбард» (2,6 млрд теңге);
  • «Сейф-Ломбард» (1,6 млрд теңге).

Осы 7 ломбардтың өзі 1 миллиард теңгеден аса табыс тапқан.

Ең табысты ломбардтардың алғашқы ондығына Bely TM (618,2 млн теңге), €lit (Eurolit) Astana (489,8 млн теңге) және Kömek Lombard 7 (424,9 млн теңге) кірді.

Ал «Актив Ломбард» 492,5 миллион теңге, Auto Money 392,1 миллион теңге шығынға кетті.

Ломбардтар жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника, электроника және басқа да құндылықтарды кепілге ала отырып, қысқа мерзімді несие беру арқылы жұмыс істейді. Олардың негізгі табыс көзі осы несиелер бойынша алынатын пайыздар мен комиссиялардан, сондай-ақ талап етілмеген кепілді сатудан келеді. Осылайша, неғұрлым көп несие берілсе, сектордың табыстылығы соғұрлым жоғары болады.

Биыл маусым соңында қазақстандық ломбардтардың несие портфелі 321,5 млрд теңгеге жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда, 40,2% жоғары көрсеткіш. Ломбардтардағы мерзімі өткен несиелердің үлесі шамалы, өйткені тәуекелдер кепілмен жабылады. Несиелердің қысқа мерзімді сипаты және талап етілмеген мүлікті тез арада сату мүмкіндігі тұтынушылардың төлем тәртібі төмендеген кезде де бизнес үлгісін тұрақты етеді.

Ломбардтардағы 90 күннен аса мерзімі өткен несиелердің үлесі – небәрі 2,3%, бұл Қазақстан микроқаржы ұйымдарынан (6,8%) 3 есе дерлік төмен. Бір жыл бұрын мұндай несиелердің үлесі 3,8% болды.

Маусым айының соңында ең үлкен несие портфелі M-Lombard болды. Ол 44,4 млрд теңге, яғни 2024 жылмен салыстырғанда, 1,5 еседен астам.

Сондай-ақ «МК-Золото Ломбард» (32 млрд теңге), «Астра-Ломбард» (23 млрд теңге), «Деньги населению» (22,5 млрд теңге), Birinshi Lombard (22,3 млрд теңге) компанияларының да несиелік қоржындары айтарлықтай жоғары болды.

Жалпы, Қазақстандағы ең ірі 7 ломбард барлық 470 ломбардтың несие портфелінің 3/2 бөлігіне тең.

Сондай-ақ үздік ондыққа GoldFinMarket (8,9 млрд теңге), «Сандық» (4,6 млрд теңге) және «Партнёр Казахстан» (4,3 млрд теңге) кірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *