Павлодарда оқушы мұғалімін буындырып тастады

Жаңалықтар
view 138
news

Фотосурет: DmitriyUzyanbayev/Getty Images

Павлодардағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы мұғалімге қол көтерген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Telegram-арналарда тараған мәліметке сүйенсек, оқиға күзгі бал кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім мұғалімнің мойнына жармасып, біраз уақыт жібермей қойған. Одан кейін қорыққан педагог полицияға арызданған.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, тексеріс жүргізілген. Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс материалдары жасалып, сотқа жолданды. Сондай-ақ оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болды.

Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова да жағдайдан хабардар екенін айтты.

Маған бұл туралы мектеп әкімшілігі хабарлады. Мен ажырасқаннан кейін баланы қолына алған әкесімен байланысқа шықтым, - деді өңірлік уәкіл.

Айтуынша, ол баланың әкесімен кездесуге келіскен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *