Ақтаулық қыз 18-қабаттан құлады

Жаңалықтар
view 87
news

Фотосурет: Яндекс карта

18 қазанда Ақтауда қайғылы оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, қыз 18-қабаттан құлап, көз жұмған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, бұл жағдай Ақтаудың 17-шағын ауданындағы Green Plaza тұрғын үй кешенінің аумағында болды.

Жұмыстан үйге қайтып келе жатқан едім. Ауладан полиция көліктерінің жылдам өтіп бара жатқанын естідім. Не болғанын көру үшін бардым. Басында ештеңе түсінбедім, бірақ кейін полиция көлігінің артында қыздың денесі жатқанын көрдім. Ол үйдің кіреберісінен бір метрдей жерге құлап түсіпті, - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *