СҚО-да ауыл аялдамасынан әйелдің мәйіті табылды
Жаңалықтар
114
Фотосурет: Айгерім Таубай
СҚО Заречный ауылындағы аялдама артынан 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел пышақ жарақатынан көз жұмған.

Полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, қала тұрғынын өлтірді деген күдікке оның өз қызы іліккен.
Пікірлер (0)