Астанадағы LRT-ның атауы өзгереді

Жаңалықтар
view 25
news

фотосурет: primerministers.kz

Астанадағы LRT-ның атауы "Тарлан Астана" болып өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

Бұл мәселе мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланды. 

"Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы" басшысының м.а. Досжан Исабектің айтуынша, қоғамдық ұйымдардан бірқатар ұсыныс түскен. "Қалалық ономастика комиссиясының отырысында "Сұңқар", "Лашын", "Құлан", "Аспан", Тарлан және тағы басқа атаулар қаралды. Комиссия мүшелері Астана LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіне "Тарлан Астана" атауын бір ауыздан қолдады", - деді Исабек.

Ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияға қарау үшін жіберіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *