Қара нарықта жаңажылдық шырша қанша тұрады?
Фотосурет: Sputnik/Томас Тхайцук
Жаңа жыл қарсаңында шырша саудасы қызып тұр. Тұрғындар үшін таңдау да сан-алуан. Біреулер шынайы өсіп тұрған қылқан жапырақты өсімдікті таңдаса, табиғатқа жаны ашығаны жасанды шыршаны сатып алып жатыр. Тіпті шыршаны бөлмеде өсіріп, көпшілікті таңғалдырып жатқандар да бар. Жаңа жылдың басты символы саналатын жасыл желектің базардағы бағасы қанша екенін КТК телеарнасының тілшісі анықтап көрген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Шырша сататын базарда құжынаған халық. Бәрі жаңа жылға дайындалып жүр. Қытайдан әкелінетін 3 метрлік жасанды жасыл шыршаның бағасы – 180 мың теңге. Ал сән-салтанаты жарасқан табиғи шыршаны шамамен 5-15 мың теңге аралығында сатып алуға болады.
Шырша үйде ұзақ тұруы үшін оны үйге әкелген соң діңінің төменгі жағындағы қабығын аздап аршу керек. Өйткені қабық – қорғаныс қабаты. Қабығы аршылса, ағаш ылғалды жақсырақ сіңіреді, осылайша ол ұзағырақ сақталады. Екіншіден, шыршаны жылу батареяларынан алыс ұстау керек. Олар ыстықтан қорқады. Сонымен қатар ағаш міндетті түрде суға салынып тұруға тиіс. Суға аздап қант қосқан жөн, шырша тәттіні жақсы көреді, - дейді сатушы Дмитрий Власов.
Ал флорист Мария Қанзафарованың айтуынша, шырша бөлме өсімдігі емес, ол тек далада өсуге тиіс.
Биылғы жаңа жылда ол сіздің мерекелік үстеліңіздің сәнін келтіреді. Оны да кәдімгі шырша сияқты безендіріп, мерекелік көңіл күй жасауға болады. Ал наурыз немесе сәуір айларында, күн жылынып, жер жібіген кезде, оны далаға егуге болады, - дейді маман.
Пікірлер (0)