«Уақыт бәрін өз орнына қояды...»: Айгүл Иманбаева тосын жазба жариялады

Жаңалықтар
view 171
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева желідегі парақшасына жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Instagram-дағы ресми парақшасына алдымен ақын Абай Құнанбайұлының

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деген өлеңін жариялады.

Кейін ел күтпеген тосын жазба қалдырды.

Уақыт бәрін өз орнына қояды дейді ғой... Биыл бәрі өз орнын тапқандай. Кейбірі алыстады. Кейбірі жақындады. Шынайысы қалды. Ал сізде жыл соңындағы өзгерістер қалай өтті? – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *