Қарағанды-Астана тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 66
news

Фото: pexel

Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана қаласына бара жатып, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол алдында келе жатқан Shanceman автокөлігімен соқтығысқан", - дейді Қарағанды облысының ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Сұңғат Абылқас.

Жол апаты салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *