Қарағанды облысында теміржолға алып бағана құлап, бірнеше адам зардап шекті
Жаңалықтар
170
Сурет: видеодан кадр
Қарағанды облысына қарасты Саяқ теміржол бекетінде алып бағана теміржолға құлап, бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жол құрылысы кезінде алып бағана опырылып кеткен.
Оқыс жағдай 12 тамыз күні болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.
«Қазақстан темір жолы» АҚ ақпаратты растап, құрылыс жұмыстарына жеке мердігер компания жауапты екенін мәлімдеді. Полиция «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі ауруханаға жатудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз

Жаңалықтар
ВТБ Қазақстан банкі санкция тізіміне енді

Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дрон жарылды
Пікірлер (0)