Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: ең көп бала Түркістан облысында тұрады
фотосурет: ашық дереккөзден
Қазақстанда 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша 0 мен 17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тіркелген. Бұл көрсеткіш ел халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ресми статистикаға сәйкес, балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде тұрса, 37,7 пайызы ауылдық елді мекендерде өмір сүреді. Гендерлік құрылым бойынша ұл балалардың үлесі 51,4 пайызды, ал қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды.
Балалар саны бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде 910,4 мың бала тұрады, бұл республикадағы барлық балалардың 13,2 пайызына тең. Екінші орында 688,9 мың баламен Алматы қаласы орналасса, үшінші орынды 572,3 мың баламен Алматы облысы иеленіп отыр. Аталған үш өңір Қазақстандағы балалар саны ең көп аймақтар саналады.
Сарапшылардың мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде елдегі балалар саны 4,4 пайызға артқан. Бұл Қазақстандағы демографиялық өсімнің оң динамикасын көрсетеді.
Балалар-елдің жарқын болашағы мен стратегиялық дамуының басты кепілі. Сондықтан олардың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, зор денсаулық, мол қуаныш пен жарқын болашақ тілейміз.
Пікірлер (0)