Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа қолдау білдірді

Жаңалықтар
view 56
news

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Президент Пашинянмен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды, – деді Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев пен Пашинян Бірлескен мәлімдеме қабылдаған еді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізген болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *