Қырғызстан Президенті Иманғали Тасмағамбетовті орденмен марапаттады

Жаңалықтар
view 96
news

Фото: ҰҚШҰ

ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 27 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындықты талқылау үшін Бішкекке барды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Иманғали Тасмағамбетовтің өміріне қауіп төніп тұр ма?

 Иманғали Тасмағамбетов Украина «дұшпандарының» тізіміне енді

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ҰҚШҰ не істейді? Тасмағамбетов жауап берді

Бішкекте ол Қырғызстан Президенті және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесуде Жапаров ұйымға Қырғызстанның төрағалығы кезіндегі басым бағыттар туралы айтты. Атап айтқанда, 2025 жылы өткен ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығулары, бірлескен операциялар және ұйым ішіндегі бірлікті арттыру мәселелері сөз болды.

Садыр Жапаров Иманғали Тасмағамбетовті Қырғызстанның мемлекеттік наградасы — «Достук» орденімен марапаттады. Бұл марапат оған «мемлекеттер арасындағы достық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін» табысталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *