Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды
Жаңалықтар
199
Фото: Ақорда
Өзбекстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға баратынын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)