Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады

Жаңалықтар
view 32
news

Фото: Ақорда

Ақорда Президенттің алдағы бір аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат  агенттігі.

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқаев Ресейді Қазақстанның «Құдай қосқан көршісі» деп атады

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. 14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады, - делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады. 17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *