Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *