Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. 

Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.

Алайда, Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органы 180 қызмет алушыға олардың өтінімдерін кворум болмауына байланысты жер комиссиясында қарастырмай бас тартқан.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің
13-бабының талаптарына орай мемлекеттік органның жер комиссиясының кворумын қамтамасыз ете алмауы, қызмет алушыға ауыртпалық тудырмауы тиіс.

Осыған байланысты Департамент әкімдікке жедел жер комиссиясының кворумын қамтамасыз етіп, қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру туралы нұсқау енгізді.

Нәтижесінде, қызмет алу үшін жүгінген 154 азаматтың өтініштері жер комиссиясында қарастырылып, олардың 47 жер учаскелерін ұсыну туралы оң шешім алды.

ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының ақпараты