Қатардағы жауынгердің жағдайы қоғамды алаңдатты: әлімжеттік пе, әлде дерт пе?

Жаңалықтар
view 114
news

Сурет : Ашық дереккөзден

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз психиатриялық ауруханаға түсті

Құқық қорғау органдары қатардағы жауынгерге қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz  ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери бөлімге келген күннен бастап қатардағы Сұлтан Шынтеміров командирлермен және психологпен сөйлесу кезінде бірнеше рет әскери қызметті жалғастырғысы келмейтінін айтқан.

15 қыркүйекте сарбаз Ақтаудағы психоневрологиялық диспансерге «психикалық ауытқу» деген алдын ала диагнозбен жатқызылған. Бұл туралы оның ата-анасына хабарланған. Жақын күндері ол толық тексеруден өту үшін Қорғаныс министрлігінің Астанадағы Бас әскери клиникалық госпиталіне жіберілмек.

Құрлық әскерлерінің хабарлауынша, қатардағы жауынгерге қатысты заңсыз әрекеттердің болуы мүмкін деген нұсқа бойынша тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров әскери борышын өтеп жүрген. Туыстарының айтуынша, оның ауруханаға түсуіне әскердегі әлімжеттік себеп болуы ықтимал.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *