«Реал Мадридке» қарсы матчта «Қайраттың» қақпасына кім тұрады?
Сурет: ҚФФ
«Реал Мадридке» қарсы ойында «Қайрат» қандай құраммен алаңға шығады?
Клубтың бас бапкері Рафель Уразбахтин тарихи матч алдында көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, команда алпауыт клубпен өтетін кездесуге тыңғылықты дайындалып жатыр. Дегенмен маңызды ойында Темірлан Анарбеков алаңға шықпайды. Жақында ғана ауруханадан шыққан футболшы әзірге оңалту кезеңінде. Ал Александр Заруцкий бірнеше күннен кейін жаттығуға оралады. Негізгі құрамға Шерхан Қалмұрзаның шығуы ықтимал.
Бапкердің сөзінше, бұл кездесу тек «Қайрат» үшін ғана емес, «Реал» ойыншылары үшін де оңайға соқпайды.
Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының 15 дүркін чемпионына қарсы матч 30 қыркүйек күні сағат 21:35-те басталады.
Пікірлер (0)