Қазақстан – Бельгия матчы: тікелей эфирді қайдан көруге болады

Жаңалықтар
view 109
news

Фото: ҚФФ

Бүгін Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы сегізінші матчын өткізеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ойын сағат нешеде басталады

Құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтың командасының қарсыласы іріктеу тобындағы көшбасшы Бельгия құрамасы болады.

Ойын елордадағы "Астана Арена" стадионында өтеді және 19:00-де басталады.

Еске салайық, бұған дейін Брюссельде өткен бетпе-бет ойында Әли Әлиевтің шәкірттері Бельгия командасына 0:6 есебімен ойсырай ұтылған еді.

Тікелей эфирді қайдан көруге болады

 

Қазақстан мен Бельгия құрамаларының ойынын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ трансляция арнаның сайтында да қолжетімді болады.

 

Айта кетейік, трансляция Қазақстан уақытымен 18:50-де басталады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *