Тоқаев пен Мирзиёев Ташкентте қандай құжаттарға қол қойды

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: Ақорда

Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды: 

  1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;
  2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;
  3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға барғанын хабарладық.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *