«Вирустық энтерит»: Павлодар облысында бірнеше бала аурханаға түсіп қалған

Жаңалықтар
view 101
news

Фото: azh.kz

Павлодар облысының Шербақты ауданындағы «Балдаурен» балабақшасының бір топ тәрбиеленушісі инфекциялық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғаның мән-жайы

Оқиға 7 қараша күні тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, жеті балаға медициналық көмек көрсетіліп, олардың үшеуі инфекциялық бөлімге жатқызылған. Қалған төртеуі дәрігерлердің бақылауымен үйлеріне жіберілген.

Бүгінде барлық бала ауруханадан шығарылды, қазір үй жағдайында ем қабылдап жатыр.

Білім басқармасының мәлімдемесі

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, балақайлардың жағдайына байланысты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізуде.

Осы факт бойынша Шербақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс бастады. Үлгілер алынды, зертханалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижелері бойынша ресми ақпарат беріледі, – деп хабарлады басқармадан.

«Вирустық энтерит» диагнозы

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда қойылған «инфекциялық шығу тегі белгісіз гастроэнтерит және колит» диагнозы расталмаған. Балаларға «вирустық энтерит» деген нақты диагноз қойылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *