«Үнемі күйзеліс, шаршау...»: Әскерге сап-сау кеткен сарбаз ауру болып оралған
Фото: видеодан скрин
Денсаулығына шағымы болмаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Даниал Ғалий әскери борышын өтеуге сап-сау кетіп, ауру болып оралды. Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінде борышын өтеген ол командирлердің кесірінен қант диабетіне шалдығып, инсулинге тәуелді болдымдеп отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 31-телеарнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Баламды әскерде өлсін деп тумадым»: Ашынған аналар Астанада митинг өткізіп жатыр
«Регламент сақтаңыздар»: Митингіге шыққан аналармен генерал Қайрат Үмбетов кездесті
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының митингісі: Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді
«Ауруым асқынып кетті»
Даниал Ғали әскери борышын толық өтей алмай, жарты жыл бұрын үйіне оралған екен. Сол кезден бері жас жігіт қант диабетімен күресіп келеді. Дәрігерлерге қаралып, қыруар қаражаты дәрі-дәрмекке кетіпті. Ол өзінің мұндай халге түсуіне әскерилер кінәлі деп отыр.
Төрт тәулікте бар болғаны 20-ақ сағат ұйықтадық. Үнемі күйзеліс, шаршау – осының бәрі қант диабетіне шалдығуыма әсер етті. Аяғым дірілдеп тұрса да, жағдайымды айтсам да әскерилер мән бермеді. Әскери дәрігерлер алты ай бойы диагноз қоя алмай, ауруым асқынып кетті. Сенікі тұмау деп қоймаған сол жақтағы ақ халаттылар осындай күйге түсуіме тікелей әсер кетті, – дейді әскери борышын толық өтей алмаған сарбаз.
«Шығынымызды төлеп берсін!»
Диагнобен алысып жүрген жігіттің анасы соттың табалдырығын тоздырып жүр. Ол әскери бөлімнің басшылығынан моральдық шығынды толық өтеп беруін талап етіп отыр.
Ұлым әскери қызметкер болуды армандап, өз еркімен борышын өтеуге барған. Денсаулығында еш кінәраты болмаған еді. Ауру болып келді. Дерттен айығу үшін қаншама күш, қаншама қаражат керек. Әскерилердің жауапсыздығынан неге біз қиналуымыз керек? Шығынымызды төлеп берсін, – дейді Динара Ысқақова.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Адам төзер жер емес екен» – әскерде көз жұмған сарбаздың соңғы сөзі
Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз көз жұмды
Қорғаныс министрлігі командирдің сарбаздарды ұрып жатқанына қатысты түсінік берді
«Біздің қатысымыз жоқ»
Алайда бөлім басшылығы медициналық қызметкерлер қолдан келгеннің бәрін жасады дейді. Сондықтан жігіттің шағымы негізсіз деп отыр.
Медициналық мамандар тапшы екенін, құрылғылардың жетіспейтінін жасырмаймыз. Бірақ біз сарбазға қажетті көмекті көрсеттік. Ауруының асқынуына біздің қатысымыз жоқ. Олар әскерде аз ұйықтайды, күйзеліс көп дегенмен келіспеймін. Әрқайсысы 8 сағат демалады, – дейді «Орталық» өңірлік қолбасшылығы» медициналық басқармасының бастығы Рашит Әбілмәжінов.
Ақмола гарнизонының әскери соты ата-ананың талабын қанағаттандырып, моральдық шығынды 300 мың теңге деп бағалаған. Судьяның шешімі ақылға симайды деген сарбаздың туыстары апелляцияға шағым түсірмек.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында 7 сарбаз жындыханадан бір-ақ шыққан болатын.
Пікірлер (0)