Маңғыстау облысында 7 сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты
Жаңалықтар
110
Фотосурет: ашық дереккөзден
Маңғыстау облысында 7 сарбаз психиатриялық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Әскери бөлімдегі жағдайға сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбеюі себеп болған. Бұған дейін №99116 әскери бөлімінде 3 сарбазға қатысты осындай дерек хабарланған еді. Алайда кейін олардың саны 7-ге жеткені анықталды. Барлығынан білектерін кескен іздер табылған.
Мәліметке сәйкес, 7 сарбаздың үшеуі ауруханада дәрігерлер бақылауында қалды. Ал қалған төртеуіне психикалық ауытқу бойынша анықтама беріліп, ата-аналарының қарауына үйіне жіберілген.
Пікірлер (0)