Штормдық ескерту: елдің көп өңірінде -6 °C-қа дейін үсік жүреді

Жаңалықтар
view 158
news

Фотосурет: pixabay.com

«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы күндері елдің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Солтүстік пен орталық өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, күндіз +3…+10 °C-қа дейін суытады, түнде -6 °C-қа дейін үсік жүреді. Кей жерге тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ал батыста түнде тұман болып, -2°C-қа дейін үсік күтіледі.

Штормдық ескертулер:

Ақмола облысы – 28 қыркүйекте күндіз солтүстікте, 29-30 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар. 27 қыркүйекте батыс пен солтүстікте ауа температурасы +8…+13 °C-қа дейін төмендейді. 29 қыркүйекте түнде 0…+5 °C, батыс пен солтүстікте -3° үсік. 30 қыркүйекте түнде -1…-6 °C.

Көкшетау – 29 қыркүйекте түнде жер бетінде -1 °C үсік, күндіз +5…+7 °C. 30 қыркүйекте түнде -1…-3 °C.

Астана – күндіз +10…+12 °C-қа дейін күрт суытады.

Солтүстік Қазақстан облысы – 28 қыркүйекте жауын-шашын (жаңбыр, қар). 29 қыркүйекте түнде -1…-6 °C, күндіз +3…+8 °C.

Қарағанды облысы – 29-30 қыркүйекте солтүстікте жаңбыр аралас қар. 29 қыркүйекте күндіз +7…+12 °C. 30 қыркүйекте түнде 0…+5 °C, солтүстікте -3 °С үсік, күндіз +5…+10 °C. 1 қазанда түнде -1…-6 °C.

Қостанай облысы – 29 қыркүйекте батыс пен солтүстікте, 30 қыркүйекте солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар. 30 қыркүйекте түнде -1…-6 °C, күндіз +3…+8 °C.

Павлодар облысы – 30 қыркүйекте түнде оңтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар. 29 қыркүйекте түнде 0…+5 °C, батыс пен солтүстікте -3° үсік. 30 қыркүйек түнде -1…-6 °C.

Абай облысы – 30 қыркүйекте солтүстікте жаңбыр аралас қар. 29 қыркүйекте күндіз +10…+15 °C, батыс пен солтүстікте салқындау. 30 қыркүйекте түнде 0…+5 °C, кей жерде -3° үсік, күндіз +5…+15 °C.

Шығыс Қазақстан облысы – 30 қыркүйекте жауын-шашын, оңтүстікте және шығыста қар аралас жаңбыр. 29 қыркүйекте күндіз +10…+15 °C. 1 қазан түнде 0…+5 °C, батыс пен солтүстікте -3° үсік.

27–30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.

28 қыркүйек күнгі болжам:

  • Ақмола облысында түнде жаңбыр аралас қар, шығыста қатты жаңбыр, күндіз солтүстікте қарлы жауын. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
  • Астанада түнде және таңертең тұман, жел – 15-20 м/с.
  • Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр аралас қар.
  • Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз қарлы жаңбыр, түнде тұман.
  • Павлодар облысында солтүстікте өрт қаупі жоғары, желдің екпіні – 15-20 м/с.
  • Қарағанды облысында түнде тұман, желдің күшеюі – 15-18 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қауіптілігі.
  • Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
  • Қостанай облысында солтүстік-шығыста қарлы жаңбыр, түнде жер бетінде -1° үсік.
  • Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде -2° үсік. Оңтүстікте жоғары өрт қауіптілігі, басқа аймақтарда төтенше өрт қаупі. Ақтөбеде түнде -2° үсік.
  • Түркістан облысы, Шымкент, Қызылордада – төтенше өрт қауіптілігі. Жел – 15-20 м/с.
  • Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, түнде тұман, жел – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі.
  • Батыс Қазақстан облысында түнде тұман, батыс пен солтүстікте -1° үсік.
  • Оралда түнде жер бетінде -1° үсік, өрт қаупі жоғары.
  • Атырау облысында түнде және таңертең тұман, төтенше өрт қаупі.
  • Маңғыстау облысында желдің күшеюі – 15-18 м/с.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *