Баланың тілі шықпаса, не істеу керек
Фото: newday-clinic.ru
Дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының төрайымы Шолпан Нұрахметованың айтуынша, әр ата-ана баланың импрессивті сөздік қорына ерекше мән беруі керек, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жүрек шаншып ауырса, не істеу керек?
Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады
Маман кеңесі
Маманның сөзіне қарағанда, сөйлеу импрессивті (баланың түсіну қабілеті) және экспрессивті (баланың өз ойын айтуы) болып екіге бөлінеді.
Импрессивті сөйлеу – баланың сөзді, эмоцияны, дауыс интонациясын түсінуі. Бұл қабілет бір жасқа дейін басталуы тиіс. Әр ата-ана баланың импрессивті сөздік қорына ерекше мән беруі керек. Өйткені импрессивті сөйлеу дамымайынша, экспрессивті сөйлеу қалыптаспайды. Бала алдымен түсініп үйренеді, содан кейін ғана сөйлей бастайды. Кей жағдайларда біз осы фундаментті қалыптастырмаймыз. 2-3 жасқа келгенде бала сөйлемей жүрсе, бірінші кезекте оның түсіну деңгейіне назар аудару қажет. Бала танымы дамыған кезде сөйлеу автоматты түрде шығады, - дейді Шолпан Нұрахметова Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында.
«Сөйлеудің негізгі реттеушісі – орталық жүйке жүйесі»
Сондай-ақ ол сөйлеуге жауап беретін екі негізгі аппарат бар екенін айтты. Олар – ми және артикуляциялық аппарат (ауыз қуысы).
Мидан дұрыс сигнал келмейінше, ауыздан сөз шықпайды. Яғни, сөйлеудің негізгі реттеушісі – орталық жүйке жүйесі. Егер анада жүктілік кезінде анемия болса, балада гипоксия байқалса немесе дүниеге келген кезінде түрлі жарақаттар алса, бұл сөйлеуге тікелей әсер етеді. Сондықтан себептердің алдын алу өте маңызды, - дейді маман.
Пікірлер (0)