АҚШ КТК, «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобаларын санкциядан босатты
Фото: inbusiness.kz
АҚШ Қаржы министрлігі Каспий құбыр консорциумы, “Теңізшевройл” және Қарашығанақ жобаларын санкциялардан шығару туралы шешім қабылдады. Бұл АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған жалпы №124B лицензиясында қарастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Құжатта КТК, “Теңізшевройл” және Қарашығанақ жобаларының операциялық қызметімен байланысты барлық транзакциялар рұқсат етілгені көрсетілген. Алайда бұл лицензиямен жобалардағы үлестерді не сата алмайсың, не бере алмайсың.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Нұрсұлтан Назарбаев танкері АҚШ санкциясына ілінді
АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуі мүмкін
Сондай-ақ шетел активтерін бақылау басқармасы (OFAC) шектеулерге қарамастан қандай операцияларға рұқсат етілгенін нақтылайтын бірнеше жалпы лицензияларды шығарды. №124B лицензиясынан бөлек, мыналар бар:
- №128A лицензиясы – Ресейден тыс ЛУКОЙЛ жанармай бекеттерімен кейбір операцияларды жүргізуге рұқсат береді;
- №130 лицензиясы – Болгариядағы ЛУКОЙЛ-дың жеке құрылымдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
- №131 лицензиясы – Lukoil International GmbH компаниясын сату туралы шарттық келісімдер жүргізуге және оған байланысты қызметтерді орындауға рұқсат береді.
12 қарашада Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов республика Қарашығанақ кен орнын АҚШ санкцияларынан шығару үшін әрекет етіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, Қазақстан тиісті құжаттарды тапсырды.
Бұған дейін АҚШ “Лукойл”, “Роснефть” және олардың 34 еншілес компаниясын жаңа санкциялар пакетіне енгізген еді.
Еске салайық, биыл мамыр айында АҚШ Каспий құбыр консорциумы (КТК) мен “Теңізшевройл” жобасын мұнай қызметтері көрсетуді шектейтін санкциялардан шығарды.
15 мамырда жарияланған ақпаратқа сәйкес, OFAC №124 Жалпы лицензиясын шығарды, ол КТК мен “Теңізшевройлмен” байланысты кез келген мұнай қызметтерін шексіз түрде орындауға рұқсат береді, тіпті бұған дейін Ресейге қарсы санкциялар шеңберінде енгізілген тыйымдарға қарамастан.
Мұнай қызметтеріне тыйым 2025 жылғы 10 қаңтарда АҚШ президентінің жарлығына негізделіп енгізілген. Ол ресейлік компанияларға АҚШ-тен немесе америкалық тұлғалар арқылы кез келген мұнай қызметтерін экспорттауға және жеткізуге шектеу қойды. Бұл шектеулер 2025 жылғы 27 ақпанда күшіне енген.
Еске салсақ, бұған дейін ВТБ Қазақстан банкі санкция тізіміне енгенін жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)