150 адам шұғыл эвакуацияланды: Көкшетада қонақүйден өрт шықты
Фото: Ақмола облысы ТЖД
Көкшетауда 9 қабатты қонақ үйдің асханасына жалғанған бөлмеде өрт шығып, 150 адам шұғыл эвакуацияланған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, Абай көшесіндегі қонақ үйге іргелес салынған асхана отқа оранған. Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына мамандар жеткен.
Өрт жоғары қауіптілік дәрежесі бойынша тіркелді. Қонақүйден 150 адам өздігінен шығып үлгерді, – деді Ақмола облыстық ТЖД өкілі Ерсаин Қойшыбаев.
Өрт қызметінің жылдам әрекетінің арқасында жалын 30 шаршы метр аумақта локализацияланып, толық сөндірілді.
Жапа шеккендер мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтауға кірісті. Қонақ үй ғимараты толығымен тексеріліп жатыр
Айта кетейік, Францияда бірнеше Tesla электромобилі өртеніп кетті.
Пікірлер (0)