ВТБ Қазақстан банкі санкция тізіміне енді

Жаңалықтар
view 184
news

Фото: ВТБ-Казахстан

Еуропалық одақ Ресейге қарсы 19-бақылау пакетін бекітті. Бұл тізімге Қазақстандағы ВТБ банкі де енгізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тізімге енген банктер үшін бұл шешім Еуропалық одақ елдеріндегі серіктестермен кез келген есеп айырысу операцияларын жүргізуге тыйым салынатынын білдіреді. Мұндай шара олардың халықаралық операцияларға, әсіресе еуро мен доллар қолданылатын мәмілелерге қатысу мүмкіндігін айтарлықтай шектейді.

Банкке қатысты санкциялар осы жылдың 2 желтоқсанында күшіне енеді.

(Фото: Еуроодақ сайтынан скриншот)

Сондай-ақ ЕО санкциялар тізімінде Қытай мен Беларусьтегі ВТБ банктері де бар.

Бұдан бөлек, санкциялар пакеті Беларусь аумағында жұмыс істейтін Ресейдің «Альфа-Банк» және «Сбербанк» еншілес құрылымдарын да қамтыды.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, ВТБ Қазақстан банкі активтер көлемі бойынша 20-орында тұр. Жалпы елде қазіргі уақытта 23 банк қызмет етеді.

Қазақстандық ВТБ банкі – құрамына әлемнің 20-дан астам несие және қаржы ұйымы кіретін халықаралық ВТБ қаржы тобының еншілес банкі. ВТБ тобы ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан, Армения, Беларусь және Әзербайжан мемлекеттерінде өкілдік етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *