Тас жолда «КамАЗ» жүргізіп келе жатқан 88 жастағы әже жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Жаңалықтар
131
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде "КамАЗ" жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 88 жастағы әженінің видеосы тарап жатыр, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі.
Тіркемесі бар жүк көлігі Павлодар-Астана тас жолы бойында кездескен.

- Апа, жасыңыз нешеде? – деп сұрайды видео авторы.
- 88 жаста. Жақында 89-ға келемін, – деп жауап береді әжей.
- Міне, әже кондиционері жоқ "КамАЗ"-ды жүргізіп, ақша тауып жүр, – дейді ер адам.
Видео әлеуметтік желіде тез таралып, қолданушылардың қызығушылығын тудырды.

"Әжетай, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!", "Мықты әже, нағыз үлгі боларлықтай!" - деп жазды олар.
Пікірлер (0)