Еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді

Жаңалықтар
view 41
news

Фото: pexels.com

Биылғы 9 айлық көрсеткіш бойынша бұл орталықтар 23 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Оның ішінде шамамен 14 мың бала мен 9 мыңнан астам ата-ана жеке консультациялар мен психологиялық көмек алған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, егер сіз зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тап болсаңыз немесе бала қауіпсіздігіне қатер төнгенін байқасаңыз, Психологиялық қолдау орталығына жүгініңіз.

Мамандар балалар мен ата-аналарға кәсіби көмек көрсетіп, құпиялылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Аталған орталықтардың қызметі Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *