Батыс Қазақстан облысында дрон жарылды
Фото: Kazinform
Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысында дронның апатқа ұшыраған видеосы тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Куйгерлердің айтуынша, оқиға Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылының маңында болған. Дрон құлаған кезде жарылыс болып, үйлер теңселген.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшатын аппараттың сынықтарына ұқсайтын заттардың табылуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нысан тұрғын үй аумағынан тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.
Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында шығу тегі белгісіз ұшқышсыз ұшақтың жарылғанын растады.

Дрон шалғай ауданда, елді мекендерден тыс жерде анықталды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын болған жоқ. Осы ұшақтар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Әскерилер әуе кеңістігін бақылауды күшейтуге және тиімді қорғауға уәде беріп отыр.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде, – деп қосты министрліктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында дрон құлаған еді.
Пікірлер (0)