Қорғаныс министрлігі командирдің сарбаздарды ұрып жатқанына қатысты түсінік берді

Жаңалықтар
view 112
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген бейнероликтің таралуына байланысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің хабарламасында желіде қызу талқыланған «сарбазға жасалған қорлық» деген бейнероликтің жай ғана фильмнің үзіндісі екені және дипфейк технологиясы арқылы бұрмаланғаны расталды.

Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны да ескертілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *