Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 86
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Алматы – Бішкек тасжолында болған жол апатынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға автожолдың 107-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus маркалы автокөлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, ал 2 адам ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері трагедияның 29 қыркүйекте сағат 23:50-де Алматы облысының Беріктас ауылы маңында болғанын нақтылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *