Түркістан облысында 24 жастағы жігітті зорлаған туыстарына іс қозғалды
Фотосурет: КТК телеарнасы видеосынан скриншот
Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітті зорлау ісі соңына таяды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиға туралы биыл наурызда «НеМолчи.kz» қорының жазбасынан белгілі болған-ды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқан ағайындары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.
Жәбірленушінің анасы қылмысқа 6 адамның, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің тек кәмелетке толған 3 туысқан ағасы отыр.
Іс жабық режимде өтіп жатыр. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚР ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) айыпталып отыр. Ал үшіншісіне топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚР ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармағы; ҚР ҚК-нің 188-бабы) айып тағылған.
30 қыркүйекте сотта тараптардың жарыссөздері өтті. Прокурор 3 айыпталушыға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған.
Пікірлер (0)